Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Данияр Уахитов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданды.
Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес өңірдің көлік саласының барлық бағытында ҰҚКД қатысуымен кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталды.
Іс бойынша соңғы құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді. Облыс әкімдігі ашықтықты қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр.




