2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі өсті, деп хабарлайды F16.kz.
Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін өсуі себеп болды.
Қандай айыппұлдар өсті?
Қоғамдық орында балағат сөз айту – 86 500 теңге.
Қоқыс тастау:
алғаш рет – 43 250 теңге;
қайталанса – 86 500 теңге.
Қоғамдық орында алкоголь ішу немесе мас күйде жүру – 21 625 – 43 250 теңге аралығы.
Ұсақ бұзақылық – 216 250 теңге
Вандализм – 432 500 теңгеден 8,6 миллион теңгеге дейін
Егер вандализмге кәмелетке толмаған жасөспірімнің қатысы болса, оның ата-анасына 64 875 теңге айыппұл салынады.
Мамандар бұл шаралар қоғамдық тәртіпті күшейтуге және жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын айтады. Айыппұл арқалап қалмас үшін қарапайым ережелерді бұзбаған абзал.




