Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Өскемен, Семей және Көкшетауда салынатын жылу электр орталықтары құрылысын тездетіп қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды F16.kz.
Күн тәртібінде маңызды жобаларды жедел іске асыру мәселесі тұр: Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу. Бұл мәселенің шешімі созылып кеткенін мойындау керек, ал халық күтіп отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Курчатов қаласындағы электр станциясын уақтылы іске қосуды, ГРЭС-2-дегі қосымша энергия блоктарын пайдалануға беруді және Екібастұзда ГРЭС-3 құрылысын бастауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.




