Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. ІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады, деп хабарлайды F16.kz.
Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген, — делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.




