F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бір дауыс – бір болашақ: жұлдыздар ел тағдыры үшін таңдау жасайды

F16 F16
21.02.2026, 12:57
Жаңалықтар, Заң, Қоғам

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші кезеңі. Ел болашағы айқындалатын сәтте шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды. Қоғамдағы айтулы өзгерістерге қатысты түрлі саланың өкілдері пікір білдірді. Олардың ішінде өнер майталмандары мен спортшылар, шығармашылық өкілдері де бар.

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Белгілі эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов әлеуметтік желіде Конституциялық реформа туралы ойын білдіре келе, бұл өзгеріс ел дамуына тың серпін беріп қана қоймай, мәдениет пен өнер саласының өркендеуіне де жол ашатынын жазды.

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтап, заманауи шығармашылықпен ұштастыру – ортақ міндетіміз, – деді ол.

Танымал актер Ерболат Төлеген әлеуметтік желіге бөліскен бейнежазбасында 15 наурызда өтетін республикалық референдум өскелең ұрпақ үшін маңызы ерекше, атаулы күн екенін айтты.

Қадірлі достар, заман өзгеріп жатыр, соған байланысты біздің Конституция да жаңарып жатыр. Осы тұста референдумға қатысу – әрбір Қазақстан азаматының борышы екенін еске салғым келеді, осы күннен қалыс қалмаңыздар, – деді актер.

Фото: видеодан алынған кадр

Театр және кино актері Еркебұлан Дайыров еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын референдум күні жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әр азаматтың жауапкершілігі екенін жеткізді. «Мен өз таңдауымды жасаймын. Мен барамын!» деп жазды ол.

Жазушы Бейбіт Сарыбайдың айтуынша, референдум – тек дауыс беру күні ғана емес, елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы.

Біз үшін ең қымбат нәрсе – еліміздің болашағы, тыныштығы мен дамуы. 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Бұл әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік пен азаматтық міндет. Біздің таңдау – елдің құқықтық негізіне, азаматтық қоғам мен демократия негіздеріне сеніміміз бен болашағымызға жасалған үлес. 15 наурызда келіп, өзіңнің азаматтық ұстанымыңа сай шешім шығар! Бірге келешегімізді қалыптастырайық, – деп жазды қаламгер.

Сонымен қатар Бейбіт Сарыбай бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан уақытта, елдің келешегі үшін өз таңдауыңды жасау – өзіңнің идеяң мен көзқарасыңды білдірудің нақты жолы екенін, референдумда әр дауыс маңызды, әр пікір құнды болатынын еске салды.

Еліміздің спорт саңлақтары да Конституциялық реформаларды талқылаудан шет қалмады. Олимпиаданың қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев спортта да, өмірде де жетістікке жетудің кілті – жауапкершілік пен тәртіп екенін тілге тиек етті.

Әрбір спортшы үшін көк туды желбірету – Отан алдындағы жоғарғы марапат. Олимпиада татамиінде бүкіл халықтың демін сезінесің. Бұл сені табанды болуға, ережені сақтай отырып күресуге және жеңіс үшін бар күш-жігеріңді салуға міндеттейді. Шынайы жеңіске темірдей тәртіп пен спорт ережелеріне құрметпен қарамай жете алмайсың. Әділ бәсеке мен жүйелі тәртіп қана әлемдік деңгейде мойындалуға жол ашады. Әрбір белдесу команданың нәтижесі, әр спортшының жігері мен үлесіне байланысты екенін ұғындырады. Ел ішіндегі басты жетістіктер де ортақ тәртіптен басталады. Алдағы референдум – бүкіл Қазақстан үшін әділ қағидаларды бекіту мүмкіндігі. Біздің болашағымыз – өз қолымызда! – деп жазды белгілі спортшы.

Әлемдік додада Қазақ елінің қоржынына жүлде салып жүрген дзюдошы Әбиба Әбужақынова да алда келе жатқан референдумның маңызы жайында ойын жеткізді.

Фото: gov.kz

Дзюдодағы жеңіс татамидегі әдіс жасаудан емес, ережені жақсы білуден басталады. Әлемдік рейтингке бастар жолда кездейсоқтық болмайды. Әрбір әдіс, әрбір қимыл сансыз жаттығудың және шешуші сәтте толық жауапкершілікті өз мойныңа ала білудің нәтижесі.

Татамиге шыққанда артыңда миллиондаған үміт тұрғанын сезесің. Ол саған соңына дейін күресуге күш береді. Үлкен спортта табыс өзіңе адал болып, таңдаған жолыңа берік болудан басталады. Өмірде де дәл сондай жауапкершілікті сезіну керек. Сондықтан алдағы жаңа Конституция бойынша референдум – баршамыз үшін маңызды таңдау сәті. Негізгі заңға енгізілген өзгерістер әр азаматқа әділ мүмкіндік беріп, жастардың құқығын қорғауға бағытталған. 15 наурызда мен еліміздің болашағын қорғап, осы реформаларды қолдап, референдумға қатысамын, – деді Әбиба Әбужақынова.

Фото: Chess.com

Қазақтың маңдайына біткен шахматшы қызы Бибісара Асаубаева да референдумнан тыс қалмайтынын аңғартты

Мен Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшы ретінде ілгері дамитынымызға сенемін, сондай-ақ еліміздің тұрақтылығы мен келешегіне бағытталған реформаларды қолдаймын, – деп жазды шахматшы.

Тегтер: F16Ата заңКонституциялық реформаМәдениетөнерРеферендумСпорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған