«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 24-25 ақпан күндері Өскемен мен Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеорология жағдай қалыптасады.
Облыс орталығында қолайсыз метеожағдай 24 ақпан күні сағат 20.00-ден 25 ақпан күні сағат 20.00-ге дейін сақталады. Риддер шаһарында да дәл осы уақытта ауа сапасы нашарлайды деген болжам бар. Осы орайда синоптиктер қос қаланың тұрғындарына ауа сапасы нашарлаған кезде далада көп жүрмеуді ескертеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл халықтың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.




