Сенбі, 28 ақпан күні Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтпейді. Сбеп – ауа райының қолайсыздығы. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Шығысты аяз буып тұр. Облыстың кей аймақтарында ауа температурасы -40 градустан төмендеп, мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді. Соған байланысты қала әкімдігі сенбі сайын «Алтай» көтерме-тарату орталығы аумағында өткізілетін дәстүрлі жәрмеңкені күн жылынғанға дейін шегере тұруға шешім қабылдады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ауа райы тұрақталған соң қайта жалғасады, – деп жазды Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.




