Тарбағатайлық оқушылар Robotek Grand Tournament халықаралық роботты техника чемпионатының облыстық кезеңінде үзіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды F16.kz.
Robotek Grand Tournament додасы жыл сайын ұйымдастырылады. Чемпионаттың мақсаты — роботты техника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.
Чемпионаттың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Маңырақ ауылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары үздік нәтижесі көрсетті:
«Роботек» санаты:
Нұрислам Баянов, Нұрсұлтан Жанболат – I орын;
«Сұрыптаушы робот» санаты:
Әділжан Мұқаметқазы , Айбын Ермекұлы – I орын;
«Мерген» санаты:
Жандос Амантай, Жалғас Қайратұлы – II орын;
Инверстік сызық бойымен жарыс санаты:
Мирас Талғатов, Нұрсұлтан Кенжебай – II орын
Жас өнертапқыштар алдағы өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды.




