Ұлан ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтаған әжелер кеңесі дауыс беру науқанына бір кісідей атсалысып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық киім киіп, ұлттық әшекей тағынған әжелер бір уақытта дауыс беруге келді.
Сайлау учаскесіне әндете келген әжелер өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, бүгін – тарихи күн. Ел азаматтары жаңа Ата заң жобасына қатысты референдумда өз таңдауын жасайды. Дәл қазір Шығыс Қазақстанда өз өңірлердегідей дауыс беру науқаны қыза түсті.
Облыста барлығы 533 сайлау учаскесі құрылған. Оның 501-і тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болатын орындарда орналасқан. Учаскелердің 129-ы немесе 24,2 пайызы Өскемен қаласында.




