Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа Ата заң жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін Қазақстан халқы ел ертеңінің мызғымас кепілі саналатын жаңа Ата Заң жобасын таразылап, таңдау жасап жатыр. Шығыс өңірінің басшысы Нұрымбет Аманұлы да көпшілікпен бірге саяси науқанға белсене қатысып, аймақ жұртшылығына үн қатты.
Кез келген саяси науқан ашық өтуі тиіс. Бүгін біз сол ашықтықты көріп тұрмыз. Ел ертеңіне қатысты игі істерге бірі кісідей атсалысу басты міндетіміз. Сондықтан бүгін отбасымыз бірге келіп дауыс бердік. Таңнан бері аймақ тұрғындарының белсенділігін байқап отырмыз. Бұған өте қуаныштымыз. Біз бүгін жарқын болашаққа, бала-шағамыздың ертеңі үшін дауыс бердік, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшы бүгін Наурызнама онкүндігі бойынша Қайырымдылық күні екенін еске салып, жұртшылықты ізге істердің қасынан табылуға шақырды.




