Өскеменде жекпе-жектен әлем чемпионы Ерзат Сақабанов референдумда дауыс берді. Танымал спортшы “Альшемали” сауда үйіндегі №44 учаскеге келіп, өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды F16.kz.
Жекпе-жек шеберінің өз сөзінде мұндай маңызды кезеңде әр азаматтың, әсіресе жастардың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы аса маңызды.
Мемлекеттің күші – халықта. Бүгінгі саяси науқанның мән-маңызын түсініп, өз дауысымды бердім. Мұндағы біздің міндет – дұрыс таңдау жасап, ел болашағына бейжай қарамау. Жастар да осы бастап саяси науқанға қатысып, өз ұстанымдарын білдіруге тиіс, – деді Ерзат Сақабанов.
Айта кетейік, Өскемен қаласы бойынша 129 референдум учаскесі бар. Әр өңірде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады.




