Бүгін облыс орталығында «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Қарағанды облысының өнерпаздары мен Шығыс Қазақстан облысының өнер майталмандары түре айтыс, сүре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, жыр, терме, күй, дәстүрлі ән бойынша өзара тартысқа түседі. Айтысты Аманжол Әлтай жүргізеді.
Шараның басты ерекшелігі – командалық форматта өтеді (әр командада 10 қатысушы).
Айтыс Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) сағат 15:00-де басталады. Кіру тегін.
Қарағанды облысының өнерпаздары қатарында Жанарыс Тілеубек, Дидар Қами, Балқан Смағұлов, Нұрмұхамед Байсүгіров, Нұрәлі Ботпай, Шыңғыс Сәрсенбай, Еркеғали Бекболат, Дәуренбек Аркенов, Дарын Дәулен бар. Команда жетекшісі – Айтбай Жұмағұлов.
Ал Шығыс Қазақстан облысының өнерпаздары қатарында Талант Мәжитов, Алпыс Жақиянов, Ауданбек Жұмабай, Қуаныш Еркінұлы, Жұлдызай Маратбекқызы, Естай Матабаев, Бекболат Ерқұлан, Ардабек Ақбаба, Серік Қуанған бар. Команда жетекшісі – Серік Құсанбаев.
Жеңіске жеткен команда жобаның келесі кезеңіне жолдама алады.




