Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар қызды зорлаған ер азамат өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Апелляциялық сот бірінші инстанцияның шешімін өзгертті, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізде болса, биылғы ақпан айының соңында оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 1995 жылы туған ер азамат екі жылға сотталған еді. Сот материалдарынан белгілі болғандай, күдікті Катонқарағай ауданының Өрнек ауылынан Үлкен Нарын ауданының бір ауылына келіп, жасөспірім қызбен көлігінде жыныстық қатынасқа түскен. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні Қылмыстық кодекстің 120-бабынан 122-бабының бірінші бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу) бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда жасөспірім қыздың ата-анасы бұл шешімімен келіспей, аппеляциялық сотқа шағым түсірген.
Облыстық сот аталған үкімді қайта қарап шығып, тергеу амалдары дұрыс жүргізілгенін, алғашқы инстанциядағы сот үкімін өзгерту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде ер адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.




