Үлкен Нарын ауданында бөтен үйге терезе арқылы кіріп, құны 500 мың теңге болатын бағалы заттарды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды F16.kz
«102» арнасына жергілікті тұрғыннан белгісіз біреудің үйіне терезе арқылы кіріп, бағалы заттарды ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.
Ақпарат түсе салысымен полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, ықтимал куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде бұрын сотты болған, 1975 жылы туған ер адам ұсталып, ол өз кінәсін мойындады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында қолды болған барлық бұйымдар тәркіленді, — деді ШӨО ПД баспасөз қызметі.
Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.




