Азаматтарға арналған үкімет мамыр айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 1, 7 және 9 мамыр күндері барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер жұмыс істемейді.
Ал 2 мамыр және 11 мамыр күндері кезекші орталықтар азаматтарды сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.
Осы күндері мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12.00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13.00-ге дейін беріледі.




