Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайын тексеру барысында 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық ақша аударғаны анықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Есепші мен меңгерушінің шотына артық жалақы және салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударылған.
Ұзақ уақыт бойы білім беру мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген. Осы уақыт аралығында балабақша меңгерушісі мен есепшісінің шоттарына 42 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған, — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.




