Жөндеу жұмысы республикалық маңызы бар жолдың 213-234 шақырым аралығында жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шаралар қабылданды, деп хабарлайды F16.kz.
Жөндеу кезеңінде жүргізушілерге Мұқыр ауылы арқылы өтетін ұзындығы 27 шақырым айналма жол ашылған. Сонымен қатар Алматы-Талдықорған негізгі жолының 21 шақырым учаскесінде жол ақысы уақытша алынбайды. Бұл шешім көлік қозғалысының үздіксіз қозғалуын қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған.
Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, Мұқыр елді мекені арқылы өтетін айналма жолдың қауіпті бұрылыстары мен көріну қашықтығы шектеулі учаскелеріне тұтас жолақ сызықтары түсірілді. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ жөндеу жұмысы кезінде үй жануарларының қатысуымен болатын апаттардың алдын алу үшін жергілікті шаруа қожалықтарының иелерімен түсіндіру шаралары ұйымдастырылған. Мал иелеріне арнайы жарық шағылыстыратын қарғыбаулар таратылып жатыр. Түнгі уақытта жарыққа шағылысатын бұл құралдар жүргізушілердің жол маңындағы жануарларды алыстан байқауына мүмкіндік береді.
Жауапты мамандар жүргізушілерді аталған учаскеде жол қозғалысы ережелеріне қатаң сақтап, уақытша қойылған белгілерге назар аудару және қозғалыс кезінде барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.




