Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды F16.kz.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
- «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі»
- «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»
- «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады»
Жұмыстар 10 маусымға дейін Polisia.kz@bk.ru электрондық поштасында қабылданады.
Қатысу талаптары:
- Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін;
- Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
- Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.




