Өскемендегі бау-бақша серіктестіктерінің бірінде тыйым салынған заттарды тасымалдаумен айналысқан 51 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
Автокөлікті және оқиға орнын тінту барысында шамамен екі келіге жуық есірткі заты тәркіленді.
Күдікті шамамен бір ай бұрын Алматы қаласында TikTok әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкенге тасымалдаушы-курьер ретінде жұмысқа орналасқан. Сәуір айында куратордың нұсқауымен Өскемен қаласына тыйым салынған заттарды жеткізіп отырған. Мамыр айында ол куратордың тапсырмасы бойынша облыс орталығына қайта келіп, өзімен бірге шамамен екі келі есірткі затын алып жүрген, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.




