Көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан масаң күйде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші ұсталды , деп хабарлайды F16.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері Глубокое кентін патрульдеу барысында «Racer RC 250» маркалы мотоциклді тоқтаттқан. Құжаттарды тексеру кезінде 35 жастағы ер адамның 2022 жылдың қазан айында Глубокое аудандық сотының шешімімен 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің ауыр дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды.Қазіргі уақытта мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарға көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың масаң күйде қайтадан рөлге отыруы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын тағы да ескертеді.




