F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі нейрожелілер

Madina Kainarova Madina Kainarova
01.07.2026, 12:43
Жаңалықтар, ЖИ
Фото: t.me/GenPr/13757

Фото: t.me/GenPr/13757

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемге танымал сарапшы, 01.AI компаниясының бас атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, доктор Кай-Фу Лиді қабылдады.

Кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтті.

2026 жылы Қазақстанда алғаш рет Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды. Болашақтың цифрлық қаласы – Алатау салынуда. Мемлекет басшысы елді әрбір шешім ашық, әрбір әрекет есеп беруге міндетті, ал әрбір азамат заң мен технологиялардың күшімен қорғалатын мемлекеттік басқару моделіне кезең-кезеңімен бастап келеді.

Мемлекеттік органдар ел басшылығының бағытын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл бағыттан прокуратура органдары да тыс қалған жоқ.

Кездесу барысында Берік Асылов қадағалау органында жинақталған ауқымды деректер қоры цифрлық есепке алудан жасанды интеллект пен Alem.Cloud суперкомпьютерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, зияткерлік талдау мен тәуекелдерді болжау деңгейіне көшуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қонаққа прокуратура органдарындағы цифрлық трансформацияның ауқымы және цифрлық есепке алудан болжам жасауға, аналитика мен тәуекелдердің алдын алуға көшуге мүмкіндік берген негізгі жетістіктер таныстырылды.

«Бүгінде қылмыстық істердің 94%-ы арыз тіркелген сәттен бастап үкімнің орындалуына дейін электрондық форматта тергеледі. Бұл – қағаз қылмыстық істер дәуірінің аяқталғанын білдіреді», – деді қадағалау ведомствосының басшысы.

Әкімшілік іс жүргізу, бизнесті қорғау, азаматтардың өтініштерін қарау және өзге де бағыттар толық цифрландырылған.

Қазіргі таңда 300-ден астам мемлекеттік органның дерекқорларымен интеграцияланған 7 ведомствоаралық ақпараттық жүйе табысты жұмыс істеуде.

«Қазақтелекоммен» бірлесіп еліміз бойынша алаяқтардың қоңырауларын бұғаттайтын Антиколл-орталық құрылды. Оның бір жылдық жұмысы барысында 1 миллионнан астам алаяқтық қоңырау тоқтатылды.

Прокурорлар «Цифрлық қадағалау» жүйесі арқылы қоғамдық орындардағы интеллектуалды бейнекамераларға қосылған. Жасанды интеллект негізіндегі бұл жүйе құқық бұзушылардың цифрлық іздерін анықтайды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы құрылып, криминогендік тәуекелдерді анықтау бағытында жұмыс жүргізуде.

Осы және басқа да қабылданған шаралар қылмыс деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізуде.

Доктор Кай-Фу Ли Бас прокуратураның жасанды интеллектті енгізу тәжірибесіне жоғары баға беріп, мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектті бүгіннен бастап енгізіп жатқан мемлекеттер ұзақ мерзімді технологиялық артықшылыққа ие болатынын атап өтті.

Сонымен қатар ол Қазақстанның жасанды интеллектті дамытудағы болашақ өңірлік орталықтардың біріне айналу әлеуеті жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру және зияткерлік технологияларды дамыту бағытындағы еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын ерекше атап өтті.

Бас Прокурор Кай-Фу Лидің AI 2.0, мультиагенттік жүйелер, басшылардың жұмыс тиімділігін арттыруға арналған «Boss AI» тұжырымдамасы және білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістердің қажеттілігі туралы идеяларына жоғары баға берді.

«Бұл тәсілдер Мемлекет басшысының Қазақстанды интеллект экспорттайтын елге айналдыру жөніндегі пайымымен толық үндеседі», – деп атап өтті Берік Асылов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар прокуратура органдарының қызметіне және мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу саласында тәжірибе алмасуды жалғастырудың әрі ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған