Қазақстан Премьер-лигасының 23-ші туры аясында Өскеменнің «Алтай» клубы «Атыраумен» кездесті, деп хабарлайды F16.kz.
Ойынның 33-ші минутында «Алтай Өскемен» шабуылшысы Ибрагим Дадаев есеп ашып, команданы алға шығарды. Алайда матчтың соңына қарай өскемендіктер сапындағы Сэйф Попов екінші ескерту қағазын алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған атыраулықтар есепті теңестіріп кетті. Тартысты ойын тең нәтижемен аяқталып, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі.
Ел чемпионаты аяқталуға жақын тұста бір ұпайдың да маңызы жоғары екені айтпаса да түсінікті. «Алтай Өскемен» ойыншылары Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін әрбір матчта аянып қалып жатқан жоқ. Алда екі маңызды кездесу қалды. 25 қазанда өскемендік клуб өз алаңында «Елімаймен» күш сынасады. 30 қазанда Алматыда «Қайратқа» қарсы ойнайды.




