Есірткі шегіп алып, көлік тізгіндеген өскемендік тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды F16.kz.
Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күдік тудырған KIA Optima автокөлігін байқап, тексеру үшін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 39 жастағы ер адам болған.
Медициналық куәландырудан өткен жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғаны расталды. Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.




