Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше жол учаскелері жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды F16.kz.
Сағат 14:30-дегі жағдай облыстық маңызы Өскемен – Таулы Үлбі – Северное (38–60 км, «Алтай Альпісі демалыс базасынан Северное ауылына дейін) және Өскемен – Тарғын – Самар тасжолы (63–145 км, Тарғын ауылынан Самар ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабық.
Республикалық маңызы бар 3 автожол учаскесінде:
- Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (1089–1191 км, Өскемен қаласынан Шемонаиха қаласы арқылы РФ шекарасына дейін).
- Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (15–105 км, Белоусовка кентінен Риддер қаласына дейін).
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (7–166 км, Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көлік жолдарында қозғалысқа шектеу қойылған.




