Облыс орталығында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өйткені 20 қазаннан бері «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
«Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» шарасы жүргізіледі. Бұл кезеңде полиция басқармасының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына ауысады», — деп хабарлады Өскемен қаласының полиция басқармасы.
Профилактикалық шара 23 қазанға дейін жалғасады.




