Өскемен ауасы жоғары деңгейде ластанған 27 елді мекеннің қатарына кірді. Бұл дерек Қазгидрометтің жылдық бюллетенінде көрсетілген, деп хабарлайды F16.kz.
Мамандар өткен жылы еліміздегі 70 елді мекенде мониторинг жүргізген. Бақылау нәтижелері бойынша 11 елді мекен ауаның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары деген санатқа, 27 елді мекен жоғары санатқа кірді. Тағы 32 елді мекенде ластану деңгейі төмен деп бағаланды.
2025 жылы Өскеменде атмосфераның ластану индексі 5,3 болған. Сонымен қатар көміртегі оксидінің максималды бір реттік концентрациясы шекті рұқсат етілген концентрацияға (5,4) жеткен. Бұл осы көрсеткіш бойынша ластанудың жоғары деңгейі дегенді білдіреді.
Басқа ластаушы заттардың максималды бір реттік концентрациясы да рұқсат етілген нормалардан асып түсті. Атап айтқанда, күкірт диоксиді бойынша көрсеткіш 4,8-ге, күкіртсутек бойынша 4,2-ге жетті.
Сондай-ақ зерттеу нәтижесі бойынша Алтай мен Шемонаихада ауаның ластану деңгейі жоғарылағаны байқалды. Ал Риддерде ауаның ластану деңгейі төмен деп бағаланды.




