F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі Маралдының мектебі мен қоныс аударған отбасылардың үйіне барды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
22.10.2026, 09:31
Жаңалықтар, Күршім

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Маралды ауылындағы орта мектептің жағдайымен танысып, ауылға қоныс аударған екі отбасының үйіне барды, деп хабарлайды F16.kz.

Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім алушыларға қолайлы жағдай жасау және ауылды білікті мамандармен қамтамасыз ету — елді мекендердің тұрақты дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі.

Маралды ауылында осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Ауылдағы орта мектепте инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген. Үкімет қолдауымен білім ордасының шатыры күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар мектептің жылу жүйесіне қатысты мәселелерді шешу үшін қаражат бөлініп, заманауи талаптарға сай жаңа жылыту жүйесі орнатылып, бүгінде қалыпты жұмыс істеп тұр.

Мектептің шатыры жөнделіп, жылу мәселесі шешілді. Келесі жылы білім ордасының ішін жөндеп береміз. Маралды ауылын дамыту бағытындағы жұмысты ары қарай жалғастырамыз, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру сапасын арттыруға қажетті жағдайлардың маңызын атап өтті.

Мектеп инфрақұрылымын жақсартумен қатар, ауылға жас мамандарды тарту және олардың орнығуына қолдау көрсету де өзекті. Осы бағытта Маралдыға еліміздің өзге өңірлерінен отбасылар қоныс аударып жатыр. Олардың бірі Ақтау қаласынан келді. Отбасы бес баланы тәрбиелеп отыр. Отағасы математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Екінші отбасы Алматы облысынан көшіп келген. Төрт баласы бар бұл отбасының мүшесі медицина саласының маманы.

Нұрымбет Сақтағанов жаңа қоныстанушылардың тұрмыс жағдайымен танысу үшін олардың үйлеріне барды. Көшіп келген отбасылар баспанамен қамтамасыз етіліп, балалары жергілікті мектепке орналастырылған. Сондай-ақ оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсетіліп, оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Ауылға жаңа отбасылардың келуі білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға да ықпал етеді. Әсіресе ауылдарда мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің болуы тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі үшін маңызды.

Маралдыдағы атқарылып жатқан жұмыстар ауыл инфрақұрылымын жақсарту мен жаңа тұрғындардың орнығуына жағдай жасаудың қатар жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және мамандарды қолдау мәселелері облыс басшылығының назарында болады.

Тегтер: Күршім ауданыМаралдыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен – ауасы ең лас 27 елді мекеннің бірі

Өскемен – ауасы ең лас 27 елді мекеннің бірі

22.10.2026, 12:04
Мұзтауға баратын жол ашылуы мүмкін бе?

Мұзтауға апаратын көлік жолы ашыла ма?

22.10.2026, 11:29
Қазақстан Еуро-2030 турнирін өткізуге өтінім берді

Қазақстан Еуро-2030 турнирін өткізуге өтінім берді

22.10.2026, 10:38
Өскеменде полиция күшейтілген режимге көшті

Өскеменде полиция күшейтілген режимге көшті

22.10.2026, 09:53

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен – ауасы ең лас 27 елді мекеннің бірі

22.10.2026, 12:04

Мұзтауға апаратын көлік жолы ашыла ма?

22.10.2026, 11:29

Қазақстан Еуро-2030 турнирін өткізуге өтінім берді

22.10.2026, 10:38

Өскеменде полиция күшейтілген режимге көшті

22.10.2026, 09:53

Өскеменде заңгерлер тегін кеңес береді: қашан және қайда?

22.10.2026, 09:45

ШҚО әкімі Маралдының мектебі мен қоныс аударған отбасылардың үйіне барды

22.10.2026, 09:31

Күршімде жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы салынып жатыр

21.10.2026, 16:25

ШҚО: қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?

21.10.2026, 15:03

Бензин акцизі екі есе төмендейді: ал жанармай арзандай ма?

21.10.2026, 14:44

Күршімде жаңа мектеп ашылды

21.10.2026, 12:17

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған