Шығыс Қазақстан облысының әділет департаменті 22 қазанда «Тегін заң көмегінің күні» деп аталатын акция өткізеді. Бұл күні қала тұрғындары құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тегін кеңес алады, деп хабарлайды F16.kz.
Іс-шараға әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысады.
«Акция аясында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер беріледі», — деп хабарланды.
Акция Шәкәрім даңғылы, 6 (ШҚО Әділет департаментінің ғимараты) мекенжайында болады. Сағат 12: 00-де басталады.




