F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
27.11.2026, 09:13
Жаңалықтар

Облыс орталығында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Филармония ғимаратына жиналған көпшілік өңірде өндірілетін түрлі өнімдер ұсынылған көрмені тамашалады. Содан кейін концерт залына бет түзеді. Іс-шара облыс әкімінің құттықтау сөзімен басталды.

«Бүгінгі айтулы мереке күнделікті қажырлы еңбегімен ауыл шаруашылығының дамуына, азық-түлік өнімдерін өндіруге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген барша азаматтың басын қосып отыр. Агроөнеркәсіптік кешен – Шығыс Қазақстан экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Осы саладағы жетістіктер – мыңдаған ауыл еңбеккерлерінің, фермерлер мен өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің еңбекқорлығы, кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығының арқасында. Сол себепті облыс тұрғындары сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіліп, ауылдық аумақтар дамып, өңір экономикасы нығая түсуде. Мереке құтты болсын!», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы биылғы күрделі ауа райына қарамастан өңірдегі шаруалар саланың оң даму қарқынын сақтап қалғанын атап өтті. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 460 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 4 пайызға артты.

Облыс әкімі саланың дамуына үлес қосып жүрген жандар мен еңбегі ерен ардагерлерді және бірнеше номинация бойынша үздік деп танылғандарды марапаттады.

Сондай-ақ облыс әкімдігі мынандай мәліметтер ұсынып отыр:

  • Шығыс Қазақстан – еліміздегі азық-түлік өнімдерін өндіруші жетекші өңірлердің бірі. Облыс өсімдік майы, тұздалған ірімшік және бал өндіру бойынша республикада бірінші орында, ал балқытылған ірімшік, консерві, жаңа ауланған балық және шұжық өнімдерін өндіру бойынша екінші орында тұр. Құс еті, қарақұмық жармасы, қымыз және құрт өндіру көлемінен аймақ еліміздегі жетекші үш өндірушінің қатарына кіреді.
  • Өңдеу өнеркәсібін дамытумен қатар, мал шаруашылығын өркендетуге де ерекше мән беріліп отыр. Бұл бағытта да Шығыс Қазақстан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілетін сүт көлемі бойынша республикада үшінші орында.
  • Соңғы үш жылда агроөнеркәсіптік кешен жобаларын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында жалпы 5 300 басқа арналған, жылына 40 мың тоннадан астам сүт өндіруге қауқарлы 7 сүт-тауар фермасын салу және кеңейту жобасы жүзеге асырылды. Мемлекеттік қолдауға ие болған сүт-тауар фермалары бүгінде республикадағы үздік он ферманың қатарына еніп отыр.
  • Мал шаруашылығын дамыту ветеринариялық инфрақұрылымды жетілдірумен де тығыз байланысты. Осыған орай, биыл өңірде 32 жаңа ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаларды іске асыру елді мекендерде ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, ветеринариялық көмектің сапасы мен жеделдігін жақсартуға, өңірдегі эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бозанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Бозанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

26.11.2026, 17:38
ШҚО әкімі Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды

ШҚО әкімі Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды

26.11.2026, 17:07
«Әділет» партиясы  «Prime motors» ЖШС ұжымына өңірді дамыту бағдарламасын таныстырды

«Әділет» партиясы «Prime motors» ЖШС ұжымына өңірді дамыту бағдарламасын таныстырды

26.11.2026, 16:46
Өскеменде Codemasters Hackathon мәреге жетті

Өскеменде Codemasters Hackathon мәреге жетті

26.11.2026, 15:28

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласының мамандарына құрмет көрсетілді

27.11.2026, 09:13

Бозанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

26.11.2026, 17:38

ШҚО әкімі Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды

26.11.2026, 17:07

«Әділет» партиясы «Prime motors» ЖШС ұжымына өңірді дамыту бағдарламасын таныстырды

26.11.2026, 16:46

Өскеменде Codemasters Hackathon мәреге жетті

26.11.2026, 15:28

Ұлан ауданында жаңа құс фабрикасы салынады — ШҚО

26.11.2026, 12:40

Жүргізуші куәлігі де жоқ: ШҚО-да мас «шопыр» ұсталды

26.11.2026, 11:47

Бір аптада мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегінің жолы кесілді- ШҚО

26.11.2026, 10:08

Шығыс өңірінде бүгін күн райы қалай болады?

26.11.2026, 09:07

Үлкен Нарында жыл соңына дейін 30 отбасы баспаналы болады

25.11.2026, 17:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған