Шығыс Қазақстан облысында мас күйде көлік жүргізген 26 жастағы жігіт ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі мүлде болмаған, деп хабарлайды F16.kz.
Оқиға Алтай ауданының Серебрянск қаласында болған.
«Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізді. Нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін жүргізуші куәлігін мүлде алмағаны белгілі болды», — деп жазды polisia.kz
Сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.




