ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына барған жұмыс сапары барысында ауыл арасындағы жолдар жөнделетінін айтты, деп хабарлайды F16.kzтілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, Палатцы мен Подгорное ауылдарының арасындағы жолға қиыршық тас төселіп, жөндеу жүргізіледі. Бұл ауыл арасындағы қатынасты жақсартып, аудандағы логистика мен туризмнің дамуына оң әсерін тигізбек.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Подгорное ауылынан шыққан Кеңес Одағының батырлары Николай Фонов, Сергей Седнев және Иван Яроцкийге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойғанын хабарлағанбыз.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі