Шығыс Қазақстан облысында 2019-2024 жылдары қолданысқа өткен бірқатар ауызсумен қамту нысаны әлі күнге дейін қызмет көрсетуші мекемелерге берілмеген, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, бұл нысандар Глубокое, Алтай, Зайсан, Катонқарағай аудандарында орналасқан.
Атап айтсақ, Глубокое ауданының Уварова және Тарханка ауылдарында 2021 жылы пайдалануға берілген ауызсумен қамту нысаны әлі күнге қызмет көрсетуші ұйымның иелігіне берілмеген. Сол сияқты 2023 жылы қолданысқа өткен Катонқарағай ауданының Аршаты, Шыңғыстай, Ақсу ауылдарындағы, Алтай ауданының – Тұрғұсын, Зайсан ауданының Қайнар ауылындағы ауызсу желілері де тиісті мекемелердің қарамағында емес. Бұл мәселені қазір біздің басқарма қатаң бақылауда ұстап отыр, – деді Нұрлан Рамазанов.