Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.
Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігі бас маманының аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.
«1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол құмар ойындарға жалпы сомасы 16 миллион теңгенің қаражатын жұмсаған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.
– Бұл – мұндай жалғыз жағдай емес. Батыс Қазақстан облысында облыстық прокуратураның тексеруінен кейін 16 шенеунік қызметінен айырылды. Олар букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойын ойнап жүрген жерінен ұсталған, – деп жазады дерек көзі.