8 тамыз күні Алматы облысында, Үлкен ауылының маңында Қазақстан тарихындағы тұңғыш атом электр станциясы құрылысының басталуына арналған салтанатты шара өтеді, деп хабарлайды F16.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың 8 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында Қазақстанда АЭС құрылысы жобасы бойынша жұмыстардың салтанатты түрде басталу рәсімі өтеді. Рәсімде ресми сөз сөйлеп, топырақты жинау бойынша бұрғылау жұмыстары басталып, содан кейін капсуланы салтанатты түрде ресейлік тарапқа зерттеуге тапсырады, – деп жазылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бас мердігер – консорциум көшбасшысы таңдаған ресейлік «Росатом».
Еске салайық, ақпан айында Алматы облысының Жамбыл ауданы АЭС құрылысының орны ретінде ресми түрде бекітілген.
Қаңтар айында президент Тоқаев үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына атом өнеркәсібін дамыту стратегиясын әзірлеуді, оның ішінде екінші стансаның орнын таңдауды тапсырған болатын.




