Өскемен қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды F16.kz.
Кезекті азаматтарды жеке қабылдау барысында кәсіпкерлікті дамыту, жолдардың жағдайы және көше жарығы секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Жауапты тұлғаларға жағдаймен танысып, оны шешу бойынша қысқа мерзім ішінде ұсыныстар беру тапсырылды.
Фото: gov.kz