Бүгін Риддер қаласында «Ардағым – ардагерім» атты патриоттық акция басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Акция аясында қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлерін құттықтап, алғыс білдірді.
Бұл күні тыл еңбеккерлеріне ақжарма тілектер айтылып, құшақ-құшақ гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Ең бастысы – көңіл. Қариялар осылай зор құрмет көрсетіп, ерекше көңіл бөліп жатқандары үшін акция ұйымдастырушыларына алғаусыз алғыстарын жеткізді.
Мұндай бастамалар халық ерлігін еске салумен қатар, өткен мен бүгінді, болашақты жалғайтын рухани көпірге айналады.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі