ШҚО-да аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 178,1 миллион теңге бөлінді. Аталмыш шара 5312 баланы қамтыды.
Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Келесі жылы жеңілдіктер бағдарламасын кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік дәрежеде марапатталған көпбалалы аналарға тегін жол жүру құқығын беру көзделген.
Фото: rbk.ru