F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемен футболының қайта өрлеуі: жаңа алаңдар үмітті ақтай ала ма?

admin_f16 admin_f16
18.02.2025, 09:00
Басты

Соңғы жылдары Өскемен футболы ауыр дағдарысты бастан өткеріп, жанкүйерлердің көңілін күпті еткен еді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өңірдегі футболдың мүшкіл халін талай мәрте көтергенімен, мәселе шешілмей, жағдай тек биыл ғана оңала бастады. Қозғалысқа Президенттің жеке араласуы себеп болды.

Президентпен болған әсерлі сәт

2024 жылдың жазында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында Ольга Рыпакова атындағы манежде жас спортшылармен кездесті. Сол кездесуде 4-сынып оқушысы Альтаир Бақытұлы Президенттен Өскеменге жабық футбол алаңын салуды өтінген еді. Осы бір қарапайым өтініш ұзақ жылдан бері қозғалыссыз жатқан сеңді бұзды.

Шығыс футболының тарихи тағдыры

Өткен ғасырда Өскеменнің «Восток» және Семейдің «Спартак» клубтары қазақ футболының мақтанышы еді. «Восток» Қазақстан кубогының финалына үш рет шығып, бір мәрте жеңіске жетсе, «Спартактың» мұрагері «Елімай» үш мәрте ел чемпионы атанған. Алайда 2000-жылдары қос клуб та құлдырап, Семейлік команда жоғары дивизионнан шығып қалды, ал «Восток» бірде премьер-лигаға көтеріліп, бірде қайта түсіп жүрді.

2014 жылы екі клубтың негізінде «Алтай» құрылды. Алайда клубтың Семейге көшірілуі жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Ақыры «Алтай» та көп ұзамай тарқап тынды. Өскеменде кәсіби футбол тоқырап, балалар футболын дамытуға көңіл бөлінбеді.

Ауыл таланттары мен жүйесіздік мәселесі

Өскемендік жаттықтырушы Жандос Юсубалиевтің айтуынша, мәселе тек командада емес, жүйеде жатыр:
«Кәсіби футболдың түп негізі — бұқаралық футбол мен балалар академиясы. Ауылдағы балалардың әлеуеті зор. Егер оларға сапалы база, білікті бапкерлер мен қолдау болса, нәтиже көп күттірмейді. Бізге тек футболды дамытуға жүйелі көзқарас керек», – дейді ол.

Зайсан ауданының жетістігі осы сөздің дәлелі. Былтыр ауыл балалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Зайсандық 2013 жылғы балалар күміс, ал 2011 жылғы командасы қола жүлде иеленді. Демек, талант бар, тек қолдау қажет.

«Алаң» жобасынан үлкен үміт

Футболды халықтық спортқа айналдырмай, кәсіби деңгейде жетістікке жету қиын. Осыны жақсы түсінген Қазақстан футбол федерациясы былтыр «Алаң» атты жобаны бастады. Мақсат – еліміздегі ескірген футбол алаңдарын жаңарту.

Жоба аясында биыл еліміздің тоғыз өңірінде 50 алаң жаңғыртылады. Солардың қатарында Өскемендегі «Восток» стадионының қосалқы алаңы да бар. Қайта төселген жасанды шөп Италиядан жеткізілді. Жобаға қажетті қаражат мемлекет есебінен емес, демеушілердің қолдауымен жиналған.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов:
«Біздің мақсат – әр өңірде сапалы футбол алаңдарын жасап, ауыл балаларына мүмкіндік беру. Еліміздегі футбол орталықтары балаларға лық толы. Келер жылы жоба моноқалалар мен ауылдарға жетеді», – деп мәлімдеді.

Жаңа алаң – жаңа үміт

«Алаң» жобасы Өскемен футболына жаңа дем беріп, ауылдағы таланттардың жолын ашпақ. Ендігі міндет – осы мүмкіндікті пайдаланып, балалар футболын жүйелі түрде дамыту. Бәлкім, ертеңгі күні Зайсан алаңында доп тепкен бала қазақ футболының жұлдызына айналар. Ең бастысы – қозғалыс басталды, үміт қайта жанды.

Фото: prosports.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

12.06.2025, 17:03
Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

12.06.2025, 11:28
Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

11.06.2025, 11:30
ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

10.06.2025, 14:58

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көлік терезесінен қол шығарсаңыз, айыппұл арқалайсыз

16.06.2025, 12:05

АЭС құрылысы: Қытайдың ұсынысы қарастырылып жатыр

16.06.2025, 11:46

Қазақстаннан ағаш материалдың кей түрлерін әкетуге тыйым салынды

16.06.2025, 11:07

Жас жауынгерлер Отанға адал болуға ант берді – ШҚО

16.06.2025, 10:54

Тұтынушыларға 881 миллион теңге қайтарылды – Қазақстан

16.06.2025, 10:31

Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

16.06.2025, 10:00

Шығыс Қазақстанда «Қонақжай отбасы» жобасы басталды

16.06.2025, 09:39

Самар жағалауында құтқарушылар бекеті жұмыс істей бастады

16.06.2025, 09:31

ШҚО-да қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланған екі шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

16.06.2025, 09:05

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: халықаралық фестиваль көптің көңілінен шықты

15.06.2025, 01:10

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған