Қазақстан Ұлттық банкі Конституцияның 30 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналысқа шығарады, деп хабарлайды F16.kz.
Мерейтойлық монеталардың бір жақ бетінде парағы ашылған кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ тұр. «30» санын бейнелегенде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда. Екінші жақ бетінде елтаңбаның бейнесі мен номиналы жазылған.
Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;
Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі

нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған. Салмағы – 6,45 грамм, диаметрі – 24,5 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы –100 теңгелік, таралымы – 5 000 000 (бес миллион) дана.
Номиналы 100 теңгелік монетаның бейнесі

Номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы 27 тамыздан бастап сатып алуға болады.
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 27 тамыздан бастап өзінің https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» атты коллекциялық күміс монеталарды сату басталатынын хабарлайды, – делінген хабарламада.
Номиналы 100 теңгелік биколорлы монеталар циркуляциялық монеталармен бірге ел аумағында еркін айналымда болады.
Коллекциялық монеталар елдің бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкіндегі банктік шоттарға есепке алынуға және аударым жасалуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.