Биылғы маусымнан тамыздың соңына дейін ел аумағындағы тас жолдарда салмағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды F16.kz.
Шектеулердің басты себебі – жол жабынын қорғау. Ыстық күнде асфальт ауыр салмақтың әсерінен өзгеріске ұшырауы мүмкін. Яғни ауыр көліктердің қозғалысынан асфальт жабыны бүлініп, жиырылуы, шұңқырлардың пайда болуы мүмкін, – делінген ұлттық компанияның хабарламасында.
1 маусымнан 31 тамызға дейін, сағат 10.00 мен22.00 аралығында шектеу қойылатын аймақтар:
Алматы облысы
Атырау облысы
Жамбыл облысы
Жетісу облысы
Қарағанды облысы
Қызылорда облысы
Түркістан облысы
Маңғыстау облысы
1 маусымнан 15 тамызға дейін, сағат 11.00 мен21.00 аралығында шектеу қойылатын аймақтар:
Абай облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақсан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Фото: pixabay.com