Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрығының жобасы дайындалды, оған кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды F16.kzтілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, тізімді алты жаңа кәсіби мерекемен толықтыру ұсынылған:
Қазақстан кәсіпкерлері күні;
Қазақстан қолөнершілері күні;
Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
Кадр қызметі қызметкерлерінің күні;
Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлерінің күні.
Сондай-ақ, энергетиктер күнін желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгерту көзделген.
Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланған, ащық талқылау 12 маусымға дейін жалғасады.
Фото: pixabay.com