F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
30.10.2026, 16:34
Жаңалықтар
Фото: Аяужан Утеулинова

Фото: Аяужан Утеулинова

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің жұмысымен танысты. Сапар барысында олар станцияның өндірістік әлеуетін, энергетикалық жабдықтардың жаңғыртылу барысын және алдағы даму жоспарларын көрді.

Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені – еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Ол Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше орын алады. Станция өндірілетін электр энергиясымен «Казцинк» компаниясының бірқатар кәсіпорындарын және өңірдегі елді мекендерді қамтиды.

Гидроэлектр станциясының құрылысы 1953 жылы басталып, 1960 жылдың тамызында алғашқы гидроагрегат іске қосылған. Бүгінде мұнда әрқайсысының қуаты 75 МВт болатын тоғыз гидроагрегат жұмыс істейді. Су электр станциясының белгіленген қуаты — 675 МВт. Ұзындығы 380 метр, биіктігі 90 метр болатын бөгет 8 балдық жер сілкінісіне төтеп беруге есептелген.

Кешеннің өндірістік көрсеткіштері де жоғары. 2025 жылдың қорытындысы бойынша станция 3 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірген. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 30 пайызға артық.

Нысанды аралау барысында жабдықтарды жаңғырту жұмыстарына да ерекше назар аударылды. Энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыру мақсатында «Казцинк» компаниясы негізгі және қосалқы жабдықтарды жаңартуға 21,4 млрд теңге инвестиция салған. Жоба аясында гидроагрегаттардың жұмыс дөңгелектері мен басты күштік трансформаторлар ауыстырылып, 220 кВ кернеуге арналған жаңа элегазды тарату құрылғысы пайдалануға берілген.

Сонымен қатар гидрогенераторлар статорларының орамдарын ауыстыру жобасы жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде станцияның белгіленген қуаты 45 МВт-қа артқан. Бұл — қолданыстағы энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалануға және электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Кешенде өндірістік процестерді цифрландыруға да басымдық беріліп келеді. 2019 жылы орнатылған заманауи цифрлық басқару пульті технологиялық параметрлерді бақылауға және гидроагрегаттардың қуатын реттеуге мүмкіндік береді. Қазір жаңа буындағы жоғары вольтты ажыратқыштарды орнату жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін автоматты бақылау және диагностикалау жүйесін енгізу, гидрогенераторларды одан әрі жаңғырту жоспарланған.

Өндірістік міндеттермен қатар, кәсіпорын экологиялық жауапкершілікке де мән береді. «Казцинк» компаниясының экологиялық бағдарламасы аясында жыл сайын өңірдегі балық шаруашылығы су айдындарына шабақ жіберіледі. Биыл Бұқтырма су қоймасына тұқы балығының 136 мыңнан астам шабағы жіберілген. Бұл су экожүйесін сақтауға және балық ресурстарын молайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Айта кетейік, бүгінде аталған гидроэнергетикалық кешенде 200-ге жуық адам еңбек етеді.

Тегтер: F16Бұқтырма ГЭСШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

06.11.2026, 17:08
Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14
Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35
Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

06.11.2026, 17:08

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02

Өскеменде саяжай өртенді: адам шығыны бар

06.11.2026, 11:14

Марқакөлді жарты метрге жуық қалың қар басып қалды

06.11.2026, 10:57

ШҚО әкімі Өскемен тұрғындарының мәселесін назарға алды

06.11.2026, 09:13

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сапалы білім беруден әлеуметтік қолдауға дейін

05.11.2026, 19:30

Өскеменнің жаңа жылу станциясын кімдер салады?

05.11.2026, 17:14

«Әділет» партиясы мәдениет пен музей ісін дамытудың басым бағыттарын айқындады

05.11.2026, 16:17

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған