F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ертіс экожүйесі: балық қоры тұрақты болғанмен тәуекел бар

F16 F16
21.04.2026, 17:00
Жаңалықтар, Экология
Фото: visiteast.kz

Фото: visiteast.kz

Қазақстанның стратегиялық маңызы бар су жүйелерінің бірі саналатын Ертіс өзені алабы бүгінгі күні экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды нысан болып қала береді. Өңірдегі ихтиофаунаның жағдайы, балық шаруашылығының дамуы мен табиғи ресурстарды пайдалану деңгейі мамандардың тұрақты бақылауында. Кейінгі 10 жыл көлемінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі алып айдында балық қорының көлемі тұрақты деңгейде сақталып отырғанын көрсетті. F16.kz сайты трансшекаралық өзеннің бүгіні мен ертеңі, оған әсер ететін мегафакторлар туралы тарқатып береді.

БАЛЫҚ АУЛАУҒА БЕРІЛЕТІН КВОТА АРТЫП КЕЛЕДІ

Ертіс алабындағы негізгі су нысандарының қатарында Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының орны ерекше. Бұл екі су айдыны табиғаты жағынан әртүрлі болғанымен, біртұтас гидрологиялық жүйенің құрамдас бөліктері саналады. Зайсан – табиғи қалыптасқан көлдік экожүйе, онда биологиялық үдерістер ұзақ уақыт бойы табиғи заңдылықтар аясында дамыған. Ал Бұқтырма су қоймасы – антропогендік ықпалдың нәтижесінде пайда болған нысан, яғни өзен ағысын реттеу мақсатында жасалған гидротехникалық құрылымдардың нәтижесі. Олардың арасындағы байланыс тек су алмасумен шектелмейді. Қоректік заттардың айналымы, балықтардың миграциялық қозғалысы, гидрохимиялық құрам мен трофикалық деңгейлер бәрі өзара байланысып жатыр. Сондықтан бір аймақтағы өзгерістер міндетті түрде екінші су айдынының экологиялық ахуалына әсер етеді. Бұл жағдай өңірдегі табиғи ресурстарды басқаруда кешенді жұмыс жүргізуді талап етеді.

Кейінгі жылдары балық аулауға бөлінетін квота біртіндеп артып келеді. Мұндай үрдіс биологиялық қорлардың белгілі бір деңгейде тұрақтанғанын білдіреді. Сонымен қатар бұл ғылыми негізде қабылданған басқару шешімдерінің тиімділігін көрсетеді. Квоталарды ғылыми негізде белгілеу және олардың сақталуын қамтамасыз ету балық шаруашылығын жүйелі реттеуге мүмкіндік береді. Экожүйелік тепе-теңдікті сақтау негізгі кәсіптік балық түрлерінің биоалуантүрлілігін қорғауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға тікелей әсер етеді, – деді «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС «Алтай» филиалы директорының орынбасары Санақбек Кітапбаев.

Оның айтуынша, гидрологиялық режим – балықтардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Су деңгейінің ауытқуы олардың көбеюіне, қоректенуіне және тіршілік ету ортасына тікелей әсер етеді. Әсіресе уылдырық шашу кезеңінде бұл фактор маңызды рөл атқарады.

Өйткені су деңгейі күрт төмендеген жағдайда жағалаудағы таяз жерлер құрғап қалады. Ал көптеген балық түрі жағалаудағы таяз жерге уылдырық шашады. Мұндай жағдайда табиғи көбею үдерісі бұзылып, балықтың көбеюіне қауіп төнеді. Ал судың шамадан тыс көтерілуі гидрологиялық режимді өзгертіп, дернәсілдердің тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туғызады.

Таяз сулы аймақтар тек көбею үшін емес, сонымен қатар қоректік база ретінде де маңызды. Мұнда зоопланктон мен бентос организмдері шоғырланады. Су көлемінің азаюы осы организмдердің санына әсер етіп, қорек тапшылығын туындатады. Бұл өз кезегінде балықтардың өсу қарқынына және жалпы популяция динамикасына кері ықпал етеді, – деді Санақбек Кітапбаев.

Бұдан бөлек гидрологиялық тұрақсыздық көші-қон жолдарын да өзгертеді. Әсіресе, өзен ағысының реттелуі кәсіптік маңызы бар түрлердің табиғи миграциясын шектеуі мүмкін. Зайсан көлінде су деңгейі көбіне климаттық жағдайларға тәуелді болса, Бұқтырма су қоймасында антропогендік реттеу айқын байқалады. Бұл айырмашылық экожүйеге түсетін жүктеменің сипатын өзгертеді.

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Мамандардың пікірінше, су ресурстарының сапасы – балық шаруашылығының тұрақтылығын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Өзен-көлдердің ластануы ұзақ мерзімді және күрделі салдарға алып келеді. Су құрамына өндірістік қалдықтар, тұрмыстық ағын сулар, мұнай өнімдері мен ауыр металдар түскен жағдайда экожүйенің табиғи тепе-теңдігі бұзылады.

Химиялық құрамның өзгеруі ең алдымен балықтардың физиологиялық жағдайына әсер етеді. Тыныс алу жүйесі, зат алмасу процестері және көбею қабілеті әлсірейді. Нәтижесінде ұсақ шабақтардың өмір сүру мүмкіндігі төмендеп, табиғи өсім қарқыны баяулайды.

Органикалық ластану салдарынан судағы еріген оттегінің мөлшері азаяды. Бұл құбылыс, әсіресе жаз мезгілінде айқын көрінеді. Оттегі тапшылығы балықтардың күйзеліске түсуіне, белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. Кей жағдайларда жаппай қырылу қаупі де туындайды.

Ластану тек жекелеген түрлерге емес, тұтас экожүйеге әсер етеді. Микроағзалар мен омыртқасыз организмдердің құрамы өзгеріп, қоректік тізбек бұзылады. Сезімтал түрлер азайып, экологиялық бейімделгіш түрлердің үлесі артады. Бұл ихтиофаунаның құрылымдық өзгеруіне алып келеді.

Климаттық өзгерістердің су экожүйелеріне әсері ғылыми ортада жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Ертіс алабында бұл фактордың ықпалы байқалғанымен, қазіргі кезеңде оны шешуші деп бағалауға негіз жоқ. Гидрологиялық режим негізінен табиғи ағын мен су реттеу жүйесіне байланысты қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда, климаттық өзгерістердің әсері салыстырмалы түрде әлсіз. Дегенмен бұл факторды елемеуге болмайды, себебі ол уақыт өте келе маңызды рөл атқаруы мүмкін, – деді Санақбек Кітапбаев.

Ертіс өзені бойында салынған гидростанциялар мен бөгеттер де экожүйеге әсер етеді. Олар табиғи ағынды өзгертіп, балықтардың миграциялық жолын бұзады. Соның салдарынан уылдырық шашу, қоректену және қыстау аймақтары арасындағы байланыс үзіледі.

Мәселен, Ертісте салынған мұндай құрылыстар бекіре тұқымдас балықтардың еркін қозғалысын шектеген. Бұрынғы табиғи көбею жолы бұзылып, олардың популяциясы қысымға ұшыраған. Ақбалық түрлерінің де маусымдық миграциясы өзгеріске ұшырағаны байқалады.

Су деңгейінің жасанды реттелуі мен ағыс бағытының өзгеруі балықтардың табиғи өрістеу аймақтарына жету мүмкіндігін төмендетті. Бұл факторлар популяция құрылымына әсер етіп, жекелеген балық түрлерінің азаюына әкелді.

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары 2023-2024 жылдар аралығында Ертіс өзені экожүйесінің индустриялық даму және жаһандық үдерістер жағдайындағы өзгеруін зерттеді.

Мониторинг жыл бойы жүргізілді. Өзен суы жаз, күз, қыс пен көктемде қалай өзгеретінін бақыладық. Ертістің Зайсан көліне құяр тұсынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта 17 бақылау пункті орнатылып, тұрақты түрде сынама алынды. Нәтижесінде судың сапасы таза және орташа деңгейде ластанғаны анықталды. Мәселен, Ертістің жоғарғы ағысында су құрамы таза болса, Өскеменнен батысқа қарай құлдағанда ластаушы заттар мөлшері артқаны байқалды. Оның ішінде аммоний азоты, фосфат, мырыш, мыс және марганецтің концентрациясы бар, – деді зерттеу тобының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Валентина Колпакова.

Мамандардың пікірінше,  балық өткелдерін салу, жасанды көбейту және экожүйені қалпына келтіру шараларын күшейту қажет.

Жалпы алғанда, Ертіс өзені алабындағы балық ресурстары қазір тұрақты деңгейде сақталғанымен, экожүйеге түсетін салмақ кеміген жоқ. Су деңгейінің ауытқуы, ластану, гидротехникалық ықпал және басқа да факторлар биологиялық тепе-теңдікке әсер етіп отыр.

Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді басқару, ғылыми негізделген шешімдер қабылдау және экологиялық тұрақтылықты сақтау – өңірдегі балық шаруашылығын ұзақ мерзімді дамыту үшін негізгі шарт болып қала береді.

Тегтер: F16балық шаруашылығыБұқтырма су қоймасыЕртісШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бос орын көп, үміткер аз: мемлекеттік қызметке жастар неге қызықпайды?

Бос орын көп, үміткер аз: мемлекеттік қызметке жастар неге қызықпайды?

21.04.2026, 17:40
Моңғолия Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталды

Моңғолия Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталды

21.04.2026, 16:38
ШҚО-да тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптары түсіндірілді

ШҚО-да тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптары түсіндірілді

21.04.2026, 16:18
Өскеменде НМУ жалғасады

Ауадағы зиянды заттар мөлшері нормадан тағы да асып кеткен – Өскемен

21.04.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бос орын көп, үміткер аз: мемлекеттік қызметке жастар неге қызықпайды?

21.04.2026, 17:40

Ертіс экожүйесі: балық қоры тұрақты болғанмен тәуекел бар

21.04.2026, 17:00

Моңғолия Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталды

21.04.2026, 16:38

ШҚО-да тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптары түсіндірілді

21.04.2026, 16:18

Ауадағы зиянды заттар мөлшері нормадан тағы да асып кеткен – Өскемен

21.04.2026, 15:44

Өскемен-Өлгей әуе қатынасы қайта ашылады

21.04.2026, 15:05

ШҚО-да билік пен бизнестің өзара ынтымақтастығы күшейіп келеді

21.04.2026, 14:24

Баян-Өлгейде Қазақстан консулдығы ашылады

21.04.2026, 14:13

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған инклюзивті вагондар іске қосылады

21.04.2026, 12:22

Ұлттық кітап күні: ШҚО-да ерекше форматта тікелей эфир өтті

21.04.2026, 12:06

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған