28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында F16.kz желілік басылымының ұжымы Өскемен қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Кәсіби мерекеге орай Өскемен басшылығы қаланың тыныс-тіршілігін қалт жібермей қадағалап, өзекті мәселелерді көтеріп жүрген редакция ұжымының еңбегін бағалап, алғысын білдірді.
Қоғам игілі жолындағы белсенді қызметтеріңіз бен медиасаладағы кәсіби ұстанымдарыңыз үшін зор алғыс білдіремін, – деді Өскемен әкімі Алмат Ақышов.