Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдығына орай еліміздің бірқатар қалаларына гастрөлдік сапарға шықты. Шығыстың бас шаһарына сапар 1-3 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды F16.kz.
Тетар Өскемен халқына көпшіліктің көңілінен шыққан бірқатар танымал қойылымдарын ұсынбақ.
Гастрөлдік репертуар:
- 1 маусым, 18.30 «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы (авт.: Ә. Нұршайықов, реж.: Ф. Молдағали)
- 2 маусым, 11.00 «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегісі (авт.: А. Сент-Экзюпери, реж.: Д. Курочкин)
- 2 маусым, 17.00 «Қорғансыз» драмасы (авт.: М. Әуезов, реж.: Д. Жұмабаева)
- 3 маусым, 18.30 «Мұқағали. Музаға…» әдеби-музыкалық кеші (авт.: М. Мақатаев, реж.: Ф. Молдағали)
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры (Қаныш Сәтпаев даңғылы, 55)




