Ресейде коронавирус инфекциясының NB.1.8.1 деп аталатын жаңа түрін жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді. Қазір жағдай Роспотребнадзордың бақылауында, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ТАСС агенттігінің ақпаратынша, бұл туралы журналистерге санитарлық бақылау мекемесінің басшысы А.Попова мәлімдеді. Ол түрлі елдердің БАҚ-тарында COVID-19-дың жаңа генетикалық нұсқасы – NB.1.8.1 пайда болғаны туралы мәлімет таралып жатқанын атап өтті.
Фото: pixabay.com