Оқиға Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында болған, деп хабарлайды F16.kz.
Дәрігерлер Қарақожа (Карагужиха) ауылының тұрғынына көмек көрсетуге асыққан. Төтенше қызмет өкілдері медицина мамандарын жолы күрделі шалғай ауылға арнайы техникамен апарды.
Мамандар тексеруден кейін науқасты ауруханаға жатқызу қажет деп тапқан. Құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне дейін алып жүріп, дәрігерлердің қолына тапсырды.




