Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі жодаға Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы сапында 10 спортшы қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Жайықтың жағасында өткен жарыста барлығы 260 спортшы бақ сынады. Аса тартысты өткен садақшылар сайысында барлық қатысушы жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Нәтижесінде бағы мен бабы қатар шапқан жерлесіміз Ажар Төлеуқанова Орта Азия нысанасы бойынша әйелдер арасында 1-орын иеленіп, ел абыройын асқақтатты.
Бүгін кешке Ажар Төлеуқанова бастаған облыс садақшылары Өскеменге ұшып келеді.