F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыстың спортшылары жеңіс тұғырынан түспей келеді

F16 F16
24.11.2026, 15:12
Жаңалықтар, Спорт

Шығысқазақстандық спортшылары ел чемпионаттарында топ жарып, аймақ беделін асқақтатып жүр. Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы ел чемпионатында көш бастап келеді. Ал BEREL волейбол клубы әйелдер арасындағы Ұлттық лигада әзірге бірде-бір рет жеңілмей, бірінші орында тұр. Жуырда боксшылар ел чемпионатында алты медаль жеңіп алып, өңірге жеңіспен оралды.

Өскемендік «Торпедо» жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты. Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты аясында елордада жергілікті «Номад» командасымен кездескен торпедолықтар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Ойын тартысты өтті. Алғашқы кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына екі шайбадан соғып, есепті тең ұстады. Екінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Ал шешуші кезеңнің жетінші минутында Федор Хорошев жеңіс шайбасын соғып, өскемендік клубқа маңызды екі ұпай сыйлады. Олжалы сәтте Артур Гатиятов пен Саян Данияр нәтижелі пас берді.

Осылайша, «Торпедо» турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын нығайтып, 54 ұпаймен бірінші орында келеді. Енді команда 24 қарашада «Номадпен» тағы бір мәрте кездеседі.

Әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасында өнер көрсететін Өскеменнің «BEREL» клубы да үздіктер қатарынан көрініп жүр. Команда 23 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Әзірге чемпионатта бірде-бір рет жеңіліс таппаған жалғыз ұжым – осы «BEREL».

«Бұл нәтижелер өңірде командалық спорт түрлерінің жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мектебінде бүгінде 526 бала мен жасөспірім хоккеймен айналысады. Олардың дайындығына 36 жаттықтырушы жауапты. Мектеп тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионатына сегіз жас санатындағы командамен қатысады. Қыздар арасында да төрт жас тобында командалар ел біріншілігінде бақ сынайды», — деп мәлімдеді облыс әкімдігі.

2025/2026 жылғы маусымда 2009, 2010, 2011 және 2013 жылы туған балалар Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар төрт хоккейші 18 және 20 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамаларына шақырту алды.

Спорттағы тағы бір сүйінші жаңалық — шығысқазақстандық боксшылардың ел чемпионатындағы табысы. Еске салсақ, 15-22 қараша аралығында Астанада жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста облыс құрамасы алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

23 қарашада жеңімпаздар мен жүлдегерлер Өскеменге оралды. Әуежайда оларды ата-аналары, спортшылар, жанкүйерлер мен бапкерлер күтіп алды. Жеңімпаздарды құшақ жая қарсы алған жұртшылық жас боксшылардың жетістігіне ортақтасып, оларға алдағы жарыстарда да толағай табыс тіледі.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

24.11.2026, 13:22
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр —  Бағдат Мусин

Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр — Бағдат Мусин

24.11.2026, 12:57
Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

24.11.2026, 12:10
Сарыбел тұрғындары интернет игілігін пайдалана бастады

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартады

24.11.2026, 12:02

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыстың спортшылары жеңіс тұғырынан түспей келеді

24.11.2026, 15:12

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

24.11.2026, 13:22

Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр — Бағдат Мусин

24.11.2026, 12:57

Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

24.11.2026, 12:10

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартады

24.11.2026, 12:02

Ұлттық мессенджер – Aitu туралы не белгілі?

24.11.2026, 11:30

Самарда үш мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

24.11.2026, 10:23

Шалғай ауылдарға спутниктік интернет қосылып жатыр — ШҚО

24.11.2026, 09:15

ШҚО-да ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіздік әр үйге» акциясын өткізді

23.11.2026, 18:02

Үлкен Нарын ауданында бірнеше ветеринариялық пункт ашылды

23.11.2026, 17:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған