Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына жалпы 85 адам, 15 техника жұмылдырылған.
Оқиға орнында Ми-8 тікұшағы жұмыс істеп жатыр, бортында 11 құтқарушы бар. Барлық қажетті құтқару жабдықтары тиелген. Сондай-ақ тікұшақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін жанармай таситын көлік те жолға шықты.